Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D020400

Мамандығы:

Мәдениеттану

Факультеті:

Философия және саясаттану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: АКУИН (2017)
Бағдарлама: 6D020400-Мәдениеттану
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: Ағылшын тілі (тест) және мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
«6D020400-Мәдениеттану» бағытында оқытылған докторант кәсіби қызметтің келесі түрлері бойынша даярланып шығады:
Мәдени антропология – дәстүрлі және отандық мәдениетті зерттеуші ғалым, мәдени антропология мәселелері бойынша ғылыми қызметкер, қазақ халқының мәдени мұрасын және Қазақстан мен Орта Азия халықтарының мәдениетін зерттеудегі сарапшы-зерттеуші.
Культурные исследования – научный сотрудник исследовательских институтов по культурным проблемам, по сравнительной и современной динамике культуры Казахстана, по проблемам культурной политики, эксперт-исследователь по проблемам традиционного и современного искусства, медиа- и информационной культуры
Мәдени зерттеу – мәдени мәселелер, Қазақстан мәдениетінің салыстырмалы және заманауи әлеуеті, мәдени саясат мәселелерімен айналысатын зерттеу институттарының ғылыми қызметкері, дәстүрлі және қазіргі өнер, медиа-ақпараттық мәдениет мәселелері бойынша сарапшы-зерттеуші.
Профильді пәндер:
• Мәдениет типологиясының теориясы мен әдістемесі
• Постмодернизм мәдениетінің философиясы
• Мәдениет экологиясы
• Гендерлік зерттеулердің антологиясы мен әдістемесі
Білім беру ерекшеліктері:
Үш жылдық докторантураны табысты аяқтаған докторант докторлық диссертация қорғауы тиіс. PhD докторы (философия докторы) академиялық атағын алғаннан кейін жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттарына жұмысқа орналасуда басымдылықтарға ие болады, білім беру және мәдениет Департаментінде, өнер, мәдениет және білім беру бойынша Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жұмысқа жасай алады. Алған білім келесідей артықшылықтарымен ерекшеленеді: PhD докторы (философия докторы) үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) еркін меңгерген, мәдениеттану мен өнертану аясындағы пәндерді оқыту бойынша құзіретті, ғылыми-зерттеу жұмыстарында топпен де, жекелей де жұмыс жасауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізуге машықтанған, ғылыми және инновациялық жобаларға қатысу, мәдениетаралық қарым-қатынасқа дағдыланған және келіссөз қызметінде жұмыс атқара алады, мәдени дипломатия, мәдени және мәдениетаралық байланыс, басқару мәселелері бойынша тренингтер өткізе алады. Білім берудің басты ерекшелігі төмендегідей негізделеді: осы саланың маманы мәдениет, өнер салаларында, медиа мен мульти-медиа аясындағы, мәдени, қарым-қатынас мәселелері бойынша білгірлігін табысты көрсете алады, мәдениет, өнер саласында сарапшы ретінде өзін көрсете алады, телевидение мен бизнес саласында да қызмет атқара алады.
Халықаралық байланыстар: Докторанттардың серіктес жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндігі бар:
• Манчестер университеті (Англия)
• Оклахом штаты университеті (АҚШ)
• Кучук университеті (Түркия)
• Евразиялық университет (Түркия)
• 29 май университеті (Түркия)
• Исламсдық мәдениет орталығы (Қытай)
• Мармар университеті (Түркия)
• Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар институты (Корея)
• Мимар Синан атындағы көркемөнер мәдениеті университеті
• МГУ, жаратылыстану философиясы факультеттерінің кафедрасы (Мәскеу, Ресей)
• Мемлекеттік басқару универсиететі, мәдениет пен мәдениеттегі басқару кафедрасы (Мәскеу, Ресей)
• Кастамон университеті, Түркия
• Ардахан университеті, Түркия
• Уппсал университеті, Швеция
• Цюрих университеті, Швейцария
• мәдение және әлеуметтік антропология институты, Германия
• Хельсинский университеті
• УРФУ (Уральский Федеральный Университет) Екатеринбург, РФ.
Тәжірибе мен болашақтағы жұмыс істеу мүмкіндігі бар орындар:
• Алматы қалалық әкімдігі;
• Философия и саясаттану институт ҚР ҒБМ;
• Мәдени саясат пен өнертану институты;
• Алматы қаласы дін істері жөніндегі Департамент;
• Түркі халықтарының мәдени қоры;
• «Бөбек» қоғамдық қоры;
• «Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген