Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D090900

Мамандығы:

Логистика (Сала бойынша)

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: бар.
Бағдарлама: 6D090900-Логистика.
Оқыту деңгейі: докторантура PhD.
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша).
Оқыту нысаны: күндізгі.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
«Логистика» мамандығы бойынша PhD доктор келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады:
 өнеркәсіптік кәсіпорындарында қызмет ету;
 логистикалық оператор қызметін атқаратын компанияларда қызмет ету;
 көліктік-экспедициялық компанияларда қызмет ету;
 көліктік-логистикалық орталықтарда қызмет ету;
 қойма кешендерінде қызмет ету;
 сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдарда қызмет ету;
 кеден саласында қызмет ету;
 логистикалық басқару саласында қызмет ету;
 ұлттық компанияларда қызмет ету;
 ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет ету;
 жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет;
Профильді пәндер:
 Логистикадағы реинжиниринг;
 Логистикалық үрдістерді зерттеудің математикалық әдістері мен модельдері;
 Логистиканы стратегиялық жоспарлау;
 Логистикалық жүйені жүйелік талдау және модельдеу;
 Басқарушылық экономика;
 Көлік жүйелерінің логистикалық орталықтары;
 Логистикадағы жобаларды басқару
Білім алу артықшылықтары:
 логистиканың ғылыми мектептерінің сабақтастығы;
 Қазақстан Республикасының танымал ғалымдарының бірегей авторлық курстары;
 шет елдік ғалымдардың авторлық курстары;
 ғылымның кіші бағыттары бойынша пәндердің тереңдетілген оқытылуы;
 білім алу мен зерттеушілік әрекет арасында оптималды тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
 ғылыми кеңесшімен жұмыс жасау мен тағылымдама шеңберінде шетелдік тәжірибе алу мүмкіндігі;
 кең ғылыми, білімдік және әдістемелік дайындық алу
Халықаралық байланыстар: мамандық докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесші жетекшілігімен шет елде төрт айлық тағылымдама өту мүмкіндігі бар.
Тәжірибеден өту орны және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері: логистикалық орталықтар, көлік компаниялары, қойма кешендері, өндірістік кәсіпорындар, бизнес-құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген