Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D090200

Мамандығы:

Туризм

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация:
The Foundation for International Business Administration Accreditation (FIBAA).
Бағдарлама: 6D090200 – Туризм.
Оқу деңгейі: PhD докторантурасы.
Емтихандар: тест түрінде шетел тілі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен тестілеу мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының технологиялары бойынша), мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
Дайындықтың «Туризм» бағытының PhD докторы кәсіби қызметтің келесі түрлері бойынша дайындалады:
1) ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі, оның ішінде:
• қонақжайлылық және туризм саласындағы жеке және кешенді ғылыми зерттеулерді жүргізу;
• туристік қызмет көрсетулер нарығын жүйелі түрде талдау және оның дамуын қонақжайлылық және туризм индустриясы тиімді жұмыс атқаруы үшін, сондай-ақ, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында болжау;
• қонақжайлылық және туризмдегі қызмет көрсету үдерістерінде инновациялық технологияларды әзірлеу және іске қосу, сонымен қатар, туристік қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
• қонақжайлылық және туризм саласында инновацияларды әзірлеу және іске қосу;
• қонақжайлылық және туризм индустриясы үшін мамандарға білім беру, мамандарды даярлау және қайта даярлау саласындағы жұмыс;
2) жобалау және сараптау қызметі, оның ішінде:
• туристік жобаны әзірлеу және туристік қызметті жобалау;
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулер саласындағы қызметті ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейлерде оперативтік, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау;
• қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының қызметін оперативтік, тактикалық және стратегиялық жоспарлау және жобалау;
• туристік-рекреациялық зоналар мен кешендердің қызметін жобалау және жоспарлау;
• қонақжайлылық және туризм саласын талдау жұмысымен айналысатын сарапшылық, салалық және мемлекеттік ұйымдардағы кәсіби қызмет;
3) ұйымдастыру-басқару қызметі, оның ішінде:
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді қалыптастыру және сату үдерістерін тұтынушылардың талаптарына және қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының жұмысына сай ұйымдастыру және басқару;
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді тұтынушылар талаптарына сай әзірлеу және сату істерін ұйымдастыру және басқару;
• туристік қызметтің әртүрлі (ұлттық, аймақтық, жергілікті) деңгейлердегі мониторингі және бағалануы;
• туристік-рекреациялық зоналар мен кешендерді ұйымдастыру және басқару.
Бейіндік пәндер:
• Қазақстан туризмінің кешенді дамуы мен кеңістіктегі ұйымдастырылуының қазіргі мәселелері.
Білім алудың артықшылықтары:
• ең тәжірибелі ғылыми-білім беру мектебінің дәстүрлерімен бірге туризмдегі ең жаңа инновациялық үрдістерді зерттеу;
• элективтік модульдердің бірегей авторлық курстары, оқытудың ең жаңа әдістемеліктері, технологиялары және техникалық құралдары;
• туризм саласындағы өзекті мәселелер мен зерттеу тәжірибесінің кең ауқымы;
• академиялық мобильділік пен кәсіби білімдерін тәжірибе жағдайында бекіту үшін көптеген мүмкіндіктер мен оған қажетті серіктестердің болуы.
Халықаралық байланыстар: PhD докторанттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың отандық және шетелдік ЖОО-дағы бейіндік кафедраларда академиялық мобильділік ретінде оқу мүмкіндігіне ие.
Практикаларды өту және ықтимал жұмысқа орналасу орындары: қонақжайлылық және туризм саласының кәсіпорындары (туристік фирмалар, орналастыру, тамақтандыру кәсіпорындары, ақпараттық-туристік орталықтар, экскурсиялық бюро, спорттық-сауықтыру орталықтары, мұражайлар, демалыс пен мәдениет саябақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) т.б.); бейіндік білім беру және зерттеу ұйымдары; бейіндік мемлекеттік мекемелер; туризм дамуына ат салысатын қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар; қонақжайлылық және туризм саласының басқа органдары, мекемелері мен ұйымдары.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген