Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D072100

Мамандығы:

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Факультеті:

Химия және химиялық технология

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредиттеу: ASSIN
Бағдарлама: 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандығы бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бағытының докторанты кәсіптік қызметтің келесі түрлеріне дайындалуда
• органикалық заттар мен материалдарды өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдарға ішкі бақылау жүргізу және ұйымдастыру, жоғары сапаны қамтамасыз ететін жаңа технологиялық үрдістер жасау мақсатында бастапқы шикізат, аралық өнімдер құрамы мен қасиеттерін бағалау; құрылғылар, шикізат пен қосалқы материалдарды қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және бағалау
• жаңа технологиялық үрдістер, технологиялық желілері немесе химия-технологиялық қондырғыларды жобалауға техникалық тапсырмаларын әзірлеу; тәжірибелік-өндірістік, өндірістік технологиялық регламенттерді сынау; іске қосу мен жөндеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету
• жаңа химиялық технологиялар және технологиялық үрдістерді жасау бойынша ғылыми-зерттеу және құрылмалық жұмыстарды жүзеге асыру, іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу
• қолданыстағы өндіріс шарттарына сәйкес орындаушылар мен мамандар тобының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру; өндірістің техникалық-экономикалық талдауын жүргізу

Бейінді пәндер:
Органикалық молекулардың масс-спектрлік талдауы
Терпеноидтар химиясы мен химиялық технологиясы
Органикалық заттарды хроматографиялық талдаудың заманауи әдістері
Проантоцианидиндер химиясы мен химиялық технологиясы
Органикалық химиядағы реакциялар механизмдері
Фитопрепараттардың ББЗ стандарттау және бақылау
Органикалық химиядағы синтетикалық нанофармакологиялық дәрілік заттарды құрылымдау
Дәрілердегі негізгі әсер етуші заттарды сандық бағалау
Органикалық-минералды композициялардың химиясы мен химиялық технологиясы
Жұмсақ дәрілік қалыптар құру және өндіру
Синтетикалық полиэлектролиттердің поликешендері
Табиғи дәрілік заттардың фармацевтикалық химиясы
Білім берудің артықшылықтары:
• Көне ғылыми-зерттеу мектептер дәстүрлерінің сабақтастығы
• Бірегей авторлық курстар, білім беру саласындағы ең жаңа әдістемелер және техникалық құралдар
• Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы зерттеулер келелі мәселелерінің жиынтығы мен әдістемелерінің аса кең ауқымды спектрі
• Мамандандырылған және талап етілген органикалық заттардың химиялық технологиясы саласын терең зерттеу
Халықаралық қатынастар: серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға докторанттар мүмкіндігі бар: Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (Ресей Федерациясы); Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Ресей Федерациясы), Н.Н. Ворожцов атындағы Новосібір органикалық химия институты (Новосібір, Ресей), Г.К. Боресков атындағы катализ институты Ресей ғылым академиясының Сібір филиалы (Ресей Федерациясы), Ғылыми аспап жасау құрастырымдық технологиялық институты РҒА СБ (Ресей Федерациясы), Росток университеті (Германия), Постдам университеті (Германия), Карачи университеті (Пәкістан), Пурду университеті (АҚШ), Рединг университеті (Ұлыбритания), Shanghai Institute of Materia Medica, ҚҒА (Шанхай, Қытай), Синьцзян физика және химия техникалық институты, ҚҒА (Үрімші, Қытай), Миссисипи университеті АҚШ).
Іс-тәжірибе өті орындары мен ықтимал жұмыспен қамту: білім беру мектептері, колледждері, институттары, университеттері, мұнай, мұнай-химия, мұнай-газ компаниялары, мұнай өңдеу зауыттары, фармацевтикалық зауыттар, химиялық зертханалар және басқа т.б.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген