Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D070100

Мамандығы:

Биотехнология

Факультеті:

Биология және биотехнология

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ASSIIN - 2020
Бағдарлама: 6D070100 - Биотехнология
Оқу деңгейі: Докторантура
Емтихан: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша)
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Биотехнология» бағыты бойынша докторанттар келесі кәсіби қызметке дайындалады:
• Ғылыми-зерттеу қызметі:
- технологиялық үдерістің барлық кезеңінде биологиялық және физика-химиялық кинетиканың эксперименталды зерттеулері және олардың математикалық сипаттамасы;
- ғылыми-техникалық есеп, аналитикалық шолу және анықтама құжаттарын, ғылыми жоба байқауларына қатысу құжаттарын, фармакопиялық мақала жобаларының, (мемлекеттік стандарттар), ғылыми нәтижелерді жариялау, зияткерлік меншікті қорғау құжаттарын дайындау.
• Жобалық қызмет:
- қолданыстағы биотехнологиялық үдерістер мен өндірісті қайта құру және модернизация;
- микробиологиялық синтез үдерісі мен аппараттарын моделдеу және оптимизация;
- технологиялық сызбалардың негізгі кезеңдерін өңдеу, тәжірибе және тәжірибе-өндірістік қондырғыларда технологиялық үдерістерді зерттеу;
- технологиялық сызбалардың негізгі түйіндері мен қондырғыларын математикалық моделдеу және оптимизация;
- Өндіріс қалдықтары мен зиянды заттарды утилизациялаудың биологиялық әдістерін өңдеу, тұйық технологияларды құрастыру, биомониторинг әдістерін өңдеу және өткізу, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты басқада мәселелерді шешу.
• Ұйымдастыру басқару қызметі:
- биотехнологиялық өнім сапасының менеджмент жүйесін өңдеу және жүзеге асыру;
- халықаралық талаптарға сәйкес өндірістің жергілікті норматив акт жүйелерін өңдеу;
- биотехнология саласында инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- өндірісте және қоршаған ортаны қорғауда техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастыру.
• Өндірісті-техникалық қызмет:
- қолданыстағы биотехнологиялық үдеріс пен өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау, басқару;
- биотехнологиялық өндіріске ғылыми зерттеу нәтижелерін ендіру бойынша координациялық жұмыстар;
- экспериментальды және өндірістік қондырғыларды эксплуатациялау.
• Педагогикалық қызмет:
- профильді пәндер бойынша студенттермен әртүрлі оқу сабақтарын өткізу және дайындау;
- оқу және оқу әдістемелік материалдарын, оның ішінде электронды түрде дайындау;
- -студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекішілік;
- өндірісте орта техникалық жұмысшыны оқыту.
Профильді пәндер:
• Молекулалық биотехнология әдістері;
• Клиникалық генетика;
• Табиғи полимерлерің және ксенобиотиктердің биотрансформациясы, биоқолжетімдігі;
• Микроорганизмдердің молекулалық биологиясы;
• Тағамдық шикізаттың биогенді потенциалы;
• Геномика және генодиагностика;
Білім берудің артықшылықтары:
• Аахен университеті (Германия); Витаутас Магнус университеті (Литва); Токио ғылым университеті (Жапония) және т.б. бірлескен халықаралық білім беру бағарламалары;
• Халықаралық білім беру бағдарламалар, білім беруде жаңа әдістер мен техникалық құралдар.
Халықаралық байланыстар:
• Аахен қолданбалы ғылымдар университеті (Германия),
• Пьер және Мария Кюри университеті (Франция),
• Токио ғылым университеті (Жапония),
• Остиндегі Техас университеті (АҚШ),
• Бен-Гурион университеті (Израиль),
• Вена университеті (Австрия) және т.б.
Практиканы өту және жұмысқа орналасу орындары:
• ҒЗИ мен ЖОО аға ғылыми қызметкер;
• Биотехнологиялық өндірістерде менеджерлер мен қызметкерлер;
• Стандартизация және сертификация орталығында, кеден және т.б. мекемелерде эксперт;
• Колледж, ЖОО оқытушы;
• СЭО врач лаборант.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген