Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D020300

Мамандығы:

Тарих

Факультеті:

Тарих, археология және этнология

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасы «ТАРИХ»
Халықаралық аккредитация : ACQUIN
Программа: 6D020300 – тарих
Білім деңгейі: Докторантура
Оқуға түсуге арналған емтихан: шетел тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша).
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Тарих» – мамандығы бойынша доктор PhD келесідей кәсіби қызмет түріне дайындалады:
- ғылыми-зерттеу және мәдени орталықтарда, мұрағаттарда, мұражайларда, тарихи комплекстерде жұмыс істеуге;
-эксперттік мекемелерде кәсіби жұмыс істеуді, белгілі тарихи кезеңдер мен мамандықтар бойынша эксперттер, анадитиктер мен прогнозистер ретінде тартылады.
- елшіліктерде белгілі аймақ, мемлекет бойынша маман ретінде жұмыс істейді;
-ғылыми және білім беру мекемелерінде басщылық қызмет;
-білім беру саласында кәсіби қызмет, орта және жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет етеді;

Профильді пәндер:

Тарих ғылымы және заманауи теориялар Тарихи процесс динамикасы және тарихтың модельдері
Қазақстан тарихын кезеңдеу мәселесі
Антикалық және ортағасырлар кезеңі тоғысындағы Еуразия тарихының теориялық және әдістемелік мәселелері
Көшпелілерде мемлекеттіліктің қалыптасуының теориялық мәселелері
Case study тарихи әдістері
Орталық Азия түркі тайпаларының қалыптасуының теориялық аспектілері Мультикультурализм - мәдени әртүрлілік және саяси теория
Әйелдер тарихы/гендерлік тарих

Білімнің артықшылығы:
-отандық және дүниежүзі тарихы, археология және этнология бойынша ескі мектептердің болуы;
-тереңдетілген арнайы кәсіби дайындық;
-алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары;
-отандық және шетелдік білім және ғылым бойынша жетекші мекемелермен тығыз қатынаста белсенді ғылыми жұмыс;
- отандық және дүниежүзі тарихы, археология және этнология салалары бойынша жетекші мамандар басшылығымен ғылыми жобаларға қатысы;
-инновациялық оқыту әдістері қолданылады;
Халықаралық байланыстар:
Қазіргі таңда PhD докторларды дайындауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультеті әлемнің жетекші университеттерімен байланыс орнатуда, нақты айтар болсақ, Билефельд университеті (Германия), Георга-Август атындағы Гёттинген университеті (Германия), Ла Сапиенза Университеті (Италия), Гарвард Университеті (АҚШ), Висконсин-Мэдисон Университеті (АҚШ), Невада Университеті (АҚШ), Айова Университеті (АҚШ), Түрік, осман, балқан және орталықазиялық зерттеу Орталықтарымен, (Әлеуметтік ғылымдардың жоғарғы мектебі, Париж, Франция), Токио университеті (Жапония), Лингнан университеті (Гонконг), Түркияның Стамбул, Гази, Хажеттепе, Мимар Синан университеттерімен және т.б.

Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу орны:

Докторанттар педагогикалық мен ғылыми-зерттеу тәжірибені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің серіктестері болып табылатын алдыңғы қатарлы ЖОО мен ғылыми-зерттеу орталықтарында өту мүмкіндігіне ие. Педагогикалық тәжірибені - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінде; ғылыми-зерттеу тәжірибесін ҚР БжҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында, ҚР БжҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтында, ҚР БжҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтында, ҚР Орталық мұражайында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің серіктестері болып табылатын әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында.
белгілі тарихи кезеңдер мен мамандықтар бойынша мамандар белгі аймақ пен мемлекеттің мәдениеті, өнері, экономикасы мен саяси ерекшеліктері бойынша эксперт ретінде жұмыс істей алады;
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген