Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D051800

Мамандығы:

Жобаны басқару

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - экономика ғылымдарының магистрі
  • Бейіндік бағыт - экономика және бизнес магистрі
  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру мақсаты мен нәтижелері:
Білім беру бағдарламасының мақсаты – командада да, жеке де жұмыс iстей алатын терең бiлiмге ие, ынталы, еңбек нарығының және қазiргi технологиялардың құбылмалылығына адаптивтi, әрі қазiргi заманғы мамандардың формациясының талаптарына сай дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

- докторанттарды даярлау барысында жеке тұлғалық дамудың теориялық және тәжерибелік тұстарына көңіл бөліп, олардың сапалы білім алуына және жоғары деңгейлі мамандыққа ие болуға жағдай жасау;

-отандық экономика және бизнес, ғылым және білім беру салаларының сұранысына сай тәжiрибесi жоғары деңгейлі мамандарды әзiрленуге мүмкiндiк беретiндей білім беру бағдарламаларын тәжірибемен байланыстаруды күшейту;

-оқу барысын жылдам және ыңғайлы етіп жоспарлау үшін жағдай жасау, білім беруде пән аралық тепе-теңдік орнату, аудиториялық және өзiндiк жұмыстарды ұтымды байланыстыру;

-білім алушылардың өзін ізі жетілдіруге және өздiгiнен дамуға деген қабілеттерін дамыту, қазiргi бiлiмдердi және дағдыларды дербес шығармашылық түрде меңгеруге дағдыландыру.

PhD докторы

түсінігі болу керек:

заманауи экономикалық ғылым және бизнес саласындағы даму, инновациялық өзгерістер және жаһандану мен ұлттандыру үрдістері туралы;

әлемдік және Қазақстандық экономикалық ғылымдардың мектептері мен олардың басқару саласы бойынша ғылыми жетістіктерін;

мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы әдістемелер, әдістер мен ұстанымдарды ұйымдастыру мен ғылыми зерттеулер туралы;

зерттеуші ғалымның педагогикалық және ғылыми этикасы, оның ынталандыруы мен кәсіби қасиеттері

таңдалған мамандық және сабақтас салалардағы алдыңғы қатарлы білім туралы.

білуі керек:

-жобаларды басқарудың және тепетеңдік көрсеткіштер жүйесінің теоретикалық және тәжирибелік негіздерін;

-жобаларды басқарудағы мамандырылған қолданбалы бағдарламаларды;

-жобаларды басқару ғылымның жетістіктерін, алғы қазақстандық және әлемдік тәжірибесін;

-ғылыми байланыс пен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін жеткілікті деңгейде шет тілін.

істей білуі керек:

-заманауи талдау әдістері негізінде әр түрлі қайнар көздерден алынатын құнды ақпараттарды өңдеп, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-ғылыми зерттеушілік және педагогикалық қызметі аясында өз бетінше толық циклді жұмыс жасай;

-жобаларды жасауға және жүзеге асыруға мамандырылған теориялық және тәжірибелік білімдерді қолдану;

-жобаның бизнес- жоспарын жасау;
-жобалардың сараптамасын жүргізу;

-жобаны барлық өмірлік циклының кезеңдерінде жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау;

-жобалық талдауды жасау;
-жобалық құжаттарды жүргізу;

игеру:

-ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу дағдылары;

-заманауи техникалық құралдардың көмегімен ақпараттарды алу, өңдеу және алынған ақпаратты жеткізу дағдылары;

-жұмысты декомпозициялау және жұмыстың иерархиялық құрылымын құру;-

-жүйелік графигтерді, кестені, жобаның бюджетін, тәуекелдерді ескеруді құрастыру дағдылары;

-жобаларды басқару бойынша ақпараттық технологияларды қолдану бойынша өзін-өзін дамыту;

құзіретті болу:

- жобаларды басқару саласында;

-маңызды мәселелер мен оларды шешу бойынша өзіндік және бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру;

- жобаларды жүзеге асырғанда пайда болатын дау-жанжалдарды шешу;

меңгеруі тиіс:

-кәсіби және тұлғааралық құзіреттерді.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген