Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D050300

Мамандығы:

Психология

Факультеті:

Философия және саясаттану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ACQUIN
Бағдарлама: 6D050300 – Психология
Оқыту деңгейі: Докторантура
Емтихандар: Шет тілі (тест), мамандық бойынша оқу түсу емтиханы (жазбаша)
Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 3 жыл
«Психология» бағыты бойынша оқитын бакалавр келесі кәсіби іс-әрекет түрлеріне дайындалады:
• Даярлаудың осы бағыты шеңберінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарында кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру;
• Психологиялық кеңес беру, клиникалық психология және денсаулық психологиясы салаларында ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыру;
• Денсаулық сақтау, әкімшілік органдарында, елдің қорғаныс салаларында кәсіби-сараптамалық міндеттерді орындау;
• Интеллектілік инновацияны өңдеу және ендіру саласында жұмыс жасау, психологиялық ғылымының қолданбалы салаларында ғылыми еңбектің нәтижелерін коммерциализациялау.
Профильді пәндер:
• Психологияның өзекті мәселелері
• Өзгеріс, даму және денсаулық
• Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
• Мінез-құлықтық Нейроғылым
• Клиникалық психология
• Ми және когниция және т.б.
Білім берудің артықшылықтары:
PhD бағдарламасы халықаралық стандарттар деңгейінде PhD студенттердің кәсіби өзіндік сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында психология ғылымының ғылым мен тәжірибе саласының кешенді оқыту әдіснамасын ұстанады. Даярлау бағдарламасы шеңберінде PhD студенттер халықаралық деңгейде психология саласында сараптамалық-психологиялық бағалау, ғылыми зерттеуді сыни талдау және т.б. сияқты кәсіби маңызды құзіреттерді қалыптастыру мақсатында өзінің зерттеулік қызығушылықтарымен сәйкес ғалым-практик моделімен оқиды. Сонымен бірге бағдарлама шығармашылық танымдық белсенділікті арттыратын психологиялық эксперименттің қазіргі бағыттары негізінде PhD докторларды даярлауды жүзеге асырады. «Психология» мамандығы бойынша докторантура психологиялық білімде инновациялық психотехнологиялар мен моделдеу әдістерінің қазіргі даму тенденцияларының жүйелік білімдерін меңгеруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттар қазіргі психология саласындаға ғылыми-зерттеулік және қолданбалы білімдерді ағылшын тілінде оқиды және меңгереді.
Халықаралық байланыстар:
• «Протекта» инновация және білім беру орталығы (Бургас қ., Болгария);
• Zayed University (Филадельфия, АҚШ);
• University of Reading (Беркшир, Ұлыбритания);
• Канада Онтарио, Трент университеті;
• SWPS әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университеті (Польша, Варшава);
• Канадалық психологиялық ассоциация жанындағы кросс-мәдени психология орталығы, Гельф (Канада);
• Штихтинг Еврорегион университеті (Нидерланды).
Тәжірибеден өту орындары және жұмыспен қамту мүмкіндіктері: халықаралық ЖОО, халықаралық зерттеу лабораториялары, ҒЗИ, консалтингтік ұйымдар, психологиялық орталықтар және т.б.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген