Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D050100

Мамандығы:

Әлеуметтану

Факультеті:

Философия және саясаттану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ACQUIN
Бағдарлама: 6D050100 - Əлеуметтану
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихандар: Шет тілі (тест), Мамандық бойынша кіріспе емтихан (жазбаша)
Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту уақыты: 3 жыл
"Əлеуметтану" мамандығы бойынша PhD докторы келесі мамандандырылған қызмет түрлеріне дайындалады:
• Əлеуметтанушы-аналитик; əлеуметтанушы-зерттеуші;
• Мемлекеттік жəне зерттеулік құрылымдарда əлеуметтанушы-кеңесші;
• ЖОО-ы мен колледждерде қоғамдық пəндер бойынша оқытушы;
• Өндіруші, жеке жəне консалтингтік компанияларда əлеуметтанушы, маркетолог, HR бойынша қызметкер;
• Демография жəне миграция бөлімдерінде демограф.
Профильдік пəндер:
• Әлеуметтік зерттеулердегі дизайн және анализ;
• Әлеуметтік білім берудегі қазіргі парадигмалар;
• Қазақстандағы бейкоммерциялық сектор: қалыптасуы, құрылымы және реттелуі;
• Әлеуметтік теңсіздік: тәуекелдер мен оны игеру стратегиясы;
• Қалалық зерттеулер мен тәжірибелер.
Оқытудың артықшылықтары:
• Елдегі əлеуметтанудың институционализациялауына айтарлықтай еңбек сіңіген, əлеуметтанулық мектептер дəстүрінің ерекшелікгі;
• Ерекше авторлық дəрістер, оқытудың жаңа методикалары, ақпараттарды өңдеудің арнайы бағдарламаларының қолданылуы (SPSS жəне басқалары);
• Əлеуметтанулық зерттеулердің методологиясы мен бағыттарының кең ауқымы, факультеттің жəне кафедраның жобаларына қатысу;
• Əлеуметтанулық талдаудың сұранысқа ие салаларын терең зерттеу.
Халықаралық байланыстар: докторанттар шетелдің кеңесшісі ретінде жоғары аталу индексі бар əлем бойынша алдыңғы қатарлы ғалымдармен байланысқа түседі, алдыңғы қатарлы АҚШ, Ұдыбритания, Оңтүстік Корея, Германия жəне басқа да серіктес-универтситеттерде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алады.
Тəжірибеден өту жəне жұмысқа орналасуы мүмкін орындары: университеттер, ғылыми-зерттеулік институттар, əлеуметтанулық зерттеу орталықтары, мемлекеттік басқару органдарының аналитикалық орталықтары, əкімшіліктің ішкі істер бөлімі, маркетингтік, демографиялық жəне қоғамдық зерттеу орталықтары, əлеуметтанулық жəне маркетигтік зерттеулер, компанияның HR-менедженті бойынша бөлімшелер.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген