Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D072300

Мамандығы:

Техникалық физика

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (Ph.D)
  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредиттеу: ASIIN (Германия), 2016
Ұлттық аккредиттеу: НААР, НКАОКО, 2017
Оқу деңгейі: докторантура
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
• Ғылыми сиымды және компьютерлік технологиялар, математикалық модельдеу, энергия үнемдеу және түрлі нысандардың, процестер мен технологиялардың энергетикалық тиімділігін арттыру саласындағы жоғары білікті маман.
• Жобалық-ізденімпаздық, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер, жоғарғы оқу орындарындағы оқытушы.
• Кәсіпорындарды басқару органдары, технологиялық профиль фирмалары, ғылыми мекемелер мен оқу орындарындағы жетекші.
Білім берудің артықшылықтары:
Докторантураның білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық дайындық саласында жүзеге асырылады және арнайы мамандандырылған кәсіптік білім беруді қамтамасыз етеді, бұл түлектерге ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметке сәтті қатысады. Докторантурада оқу ғылымның және практиканың басым бағыттарының жетекші мамандарының жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысады. Докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру университеттің алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдарымен тығыз байланыста жүзеге асады.
Халықаралық байланыстар:
• Каунас технологиялық университеті (Каунас, Литва);
• Ақпараттық технологиялар, механика және оптика университеті (Санкт-Петербург, Ресей);
• Жылуфизика және жылутехника институты (Брауншвайг, Германия);
• Чехия Техникалық университеті (Прага, Чехия);
• Политехникалық университет (Валенсия, Испания);
• Орталық Лион институты (Лион, Франция);
• Корольдік Университеті (Мадрид, Испания)
• Университет (Сплит қаласы, Хорватия)
• Университет (Техас, АҚШ)
• Физика-техникалық төменгі температуралар институты (Харьков, Украина);
• Одесса университеті (Одесса, Ресей Федерациясы)
• Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябинск, Ресей Федерациясы);
• Томск политехникалық университеті (Томск, Ресей Федерациясы) және т.б.
Практика өтетін және болжамды еңбекпен қамту орындары: «Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ Энергетика ҒЗИ» АҚ; «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы»; Эксперименталды және теориялық физика Ғылыми-зерттеу институты; Жану мәселелері институты; «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ; «Innovative technology company» ЖШС, Алматы қаласы; «АЭМЗ» ЖШС, Алматы қаласы; «Самұрық-Энерго» АҚ; «KEGOK» АҚ; «Ақсу-Энерго» ЖШС; «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, Алматы қаласы; «Қордай ауданы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары тұрғын-үй комммуналдық бөлімі» КММ; «Тенгизнефтестрой» АҚ; «Волковгеология» АҚ; «Газпромнефть» ЖШС және т.б.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген