Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D060300

Мамандығы:

Механика

Факультеті:

Механика-математика

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: (Магистратураның білім беру бағдарламасының Халықаралық аккредитация ASIIN (Германия) агенттігі) бар.
Программа: «6D060300 - Механика»
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша (жазбаша) оқуға түсу емтиханы.
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту мерзімі: 3 жыл
Докторант «Механика» дайындау бағыты бойынша келесі кәсіби қызметке дайындайды:
• Механика және математикалық модельдеу саласындағы ғылыми- зерттеу қызметі;
• Жоғары оқу орындарында сабақ беру қызметі;
• Білім және ғылым саласында ғылыми-өндірістік мекемелерде басқару қызметі;
• Арнайы қызмет көрсету салаларындағы жұмыстарды атқару.
Профилді пәндер:

• Наномеханика;
• Ғарыш аппатаратының бағдарын басқару, ENVI бағдарламалық пакетімен серіктік мәліметтерді өңдеу;
• «Роботтарды жобалаудың қазіргі заманғы әдістері, Мобильді роботтарды жобалау, Мехатронды жүйелерді модельдеу және бақылау және т.б. (траектория бойынша);
• Гидродинамикадағы сандық әдістер, Жылу және масса алмасу есептерін модельдеу әдістері, COMSOL Multiphysics-те күрделі физикалық процестерді модельдеу т.б. (траектория бойынша);

Білім алу артықшылығы:
• әлемдік ғылымның даму бағыттарын, механиканың заманауи және өзекті мәселелерін білу және түсіну;
• таңдалған келесі траектория бойынша механиканың өзекті мәселелерінің біріне сәйкес келетін тақырыптар бойынша ғылыми зерттеу жүргізу: теориялық механика және аспан механикасы; сұйық және газ механикасы; машиналар, роботтар механикасы, оларды басқару және 3D модельдеу; жерасты гидродинамикасы және энергоресурстардың кен орындарын жасау; деформацияланатын қатты дене механикасы
• отандық ғылыми жетекшілерінің ғылыми жобаларындағы зерттеу жұмысы;
• шетелдік ғылыми жетекшінің басшылығымен әлемдегі жетекші зертханаларда төрт айлық тәжірибеден өту;
• жоғарғы оқу орындарында оқыту тәжірибесіне дағдылану.

Халықаралық байланыстар: кафедра әлемдегі рейтингісі жоғары университеттердің білікті профессорларымен және Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Египет, Ресей және т.б. елдердің ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста.
Практика өтетін және жұмысқа орналасатын орындар: мемлекеттің ЖОО-ы, ҚР ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтары, ҚР ғылым Академиясының институттары, ҚР Инженерлік академиясы.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген