Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D050400

Мамандығы:

Журналистика

Факультеті:

Журналистика

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
«6D050400 – Журналистика» білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Бағдарлама: Журналистика
Халықаралық аккредитация: FIBAA
Ұлттық аккредитация: НКАОКО
Білім беру деңгейі: докторантура
Оқыту түрі: күндізгі (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Білім алу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызметтің түрлері: «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша бойынша философия докторын (PhD) дайындаудағы кәсіптік қызмет түрлері:
-ғылыми-зерттеу;
-педагогикалық;
-ақпараттық-сараптама;
-ақпараттық шығармашылық
-басқару;
-кеңестік-эксперт;
Білім беру бағдарламасының кәсіби ұстанымы:
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік жетекші оқу-ғылыми орталықтарымен жүзеге асады, докторантураның іске асатын аккредиттелген бағдарламалары бойынша, ғылыми мектептер құрылған. Білім беруді докторлар, ғылыми кандидаттар, философия докторлары (PhD), профильді докторлар, сондай-ақ, философия докторы (PhD), дәрежесі бар шетелдік ғалымдар жүргізеді. Оқу үдерісінде оқытушы кадрлар заманауи интерактивті әдістері мен технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланады. Оқу үдерісін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету докторантураның білім беру бағдарламасының сапалы игерілуіне кепілдік береді. Білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін түрде қол жеткізіледі.. Оқуды бітіру кезінде білім алушылар іргелі ғылыми білім мен кәсіби даярлықты толыққанды игеріп, заманауи технологиялық ақпараттарды меңгерген, сондай-ақ, ғылыми ақпараттарды алу, өңдеу және сақтау әдістерін, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді құрастырып шеше алады. Белгіленген бағыттар бойынша эксперименталды-зерттеу қызметін ұйымдастырып, зерттеу және басқару жұмыстарын сәтті түрде жүргізе алады.
Халықаралық байланыстар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде халықаралық ғылыми және білім алмасу байланыстары жоғары дәрежеде қарастырылған. Халықаралық академиялық ұтқырлықтың дамуының басты себептері ERASMUS, COMMETT, LINGUA, TEMPUS секілді бағдарламалардың докторанттарды қолдауы болып табылады. Университетте екі жақты және көп жақты келісімшарттар бар. Мұндай мақсатты түрде бағытталған білімгерлердің академиялық ұтқырлығын дамыту білікті және жоғары кәсіби мамандарды халықаралық нарықта қолдау болып табылады. Докторлық бағдарлама географиялық, пәнаралық ұтқырлық, халықаралық ынтымақтастық университеттер мен басқа да серіктестіктердің ынтымақтастық байланыстар саласын дамытуға ұмтылыс танытады. Мысалы: Harriman Institute of Columbia University (АҚШ); Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылыми университеті (Венгрия), Огайо Университеті, Атенс қаласы (АҚШ), Страсбург Университеті UNISTRA6 (Франция).
Тәжірибе өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін салалар:
Ғылыми-зерттеу тәжірибесін жүргізу, сондай-ақ әрі қарай жұмысқа орналасу орындары ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, мемлекеттік органдар, министрліктер мен ведомстволар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен БАҚ өкілдері болып табылады.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген