Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D020900

Мамандығы:

Шығыстану

Факультеті:

Шығыстану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
«Шығыстану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Халықаралық аккредитация: ACQUIN, 2016
Бағдарлама: 6D020900 - Шығыстану
Білім беру деңгейі: Докторантура
Емтихандар: Шет тілі, мамандық бойынша емтихан
Білім беру формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
 қоғамдағы түрлі жағдайлар, жобалар, бағдарламалар, құжаттарды бағалау және құрастыру бойынша сараптамалық-талдау қызметі;
 зерттеу құрылымдары - институттар, университеттер, орталықтардағы ғылыми-зерттеу жұмысы;
 ЖОО білім беру қызметі;
 халықаралық қатынастар саласында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі және қорғанысы саласындағы қызмет;
 халықаралық компаниялар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарындағы, бизнес саласындағы ұйымдастырушылық және басқару қызметі;
 идеологиялық, мәдени, діни салалардағы жұмыс;
 аудармашылық қызмет;
 ақпараттық және баспа саласындағы публицистикалық және редакторлық жұмыс.
Кәсіби пәндер:
 Қазіргі заманғы шығыстанудың іргелі проблемалары мен тұжырымдамалары;
 Аймақтық зерттеулер методологиясы;
 Шығыс тілінде жазба деректерді оқып-зерттеу методологиясы;
 Лингвистикалық және мәдениеттанулық зерттеулер методологиясы;
 Шығыс елдеріндегі тіл және ұқсастық: дискурс-талдау;
 Шығыс елдері дамуының саяси және экономикалық қырлары;
 Оқитын тілде ғылыми мәтінге талдау жасау және құрастыру;
 Ғылыми мақсаттағы шығыс тілі;
 Шығыс қоғамының рухани және материалдық мәдениетін модернизациялау;
 Шығыс елдерінің зияткерлік тарихы;

Білім берудің басымдылықтары:
Қазақстандағы тұңғыш шығыстану саласы бойынша ғылыми мектеп дәстүрлері;
Профессор-оқытушылар құрамының жоғары деңгейі;
Элективті авторлық пәндерді таңдаудың кең мүмкіндігі;
Қазақша, орысша, ағылшынша және шығыс тілдерінде білім алу мүмкіндігі;

Халықаралық байланыстар:
Ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа қол қойылған университеттер: Васэда университеті, Цукуба университеті, Нара университеті (Жапония), Анкара университеті, (Түркия), Тегеран университеті (Иран), Каир университеті (Египет), Сауд Королі университеті, (Сауд Арабиясы), Сонгюнгван университеті, Хангук университеті, Тэгу университеті, Кангнам университеті, Пусан ұлттық университеті, Ханъянг университеті, POSKOTJ ParkFoundation (Корея Республикасы), Ланьчжоу университеті (Қытай), Дж.Неру университеті (Дели, Индия).

Практика өтетін орындар және жұмысқа тұру мүмкіндіктері:
Бұл тектес база ретінде Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты, Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасы саналады. Бірінші және екінші шет тілі елдерінде кемінде екі ай бойы зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Шет елдерге бару - шетелдік орталықтар мен университеттерде ғылми-зерттеу жұмысын жүргізу.
Шығыстанушы мамандар түрлі мемлекеттік мекемелерде - халықаралық қатынастар саласында, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы мекемелерде, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын зерттеу құрылымдарында - институттар, университеттер, орталықтарда, түрлі деңгейдегі білім беру саласы мекемелерінде, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдарда жұмыс істей алады.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген