Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D060900

Мамандығы:

География

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - География мамандығы бойынша PhD докторы
  • Бейіндік бағыт - География мамандығы бойынша PhD докторы
  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ASIIN.
Бағдарлама: «6D060900 – География».
Оқу деңгейі: Докторантура.
Емтихандар: Шет тілі (тест), мамандық бойынша түсу емтиханы (жазбаша).
Оқыту түрі: Күндізгі.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Докторант дайындау бағыты бойынша «География» кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындайды:
• ғылым және білім беру саласындағы жұмыстар;
• коммерциялық құрылымдарда, экологиялық, гидрологиялық, метеорологиялық, әлеуметтік-экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізумен, қызмет көрсету саласында, қашықтықтан зондылау, картография, геоақпараттық жүйелерде.
Бейінді пәндер:
• географияның қазіргі мәселелері;
• қазіргі әлемнің интеграциялануы мен жаһандануы;
• геосаясат, геожанжалтану және геоэкономика;
• ҚР геодемографиясы мен геоурбандалуы;
• табиғатты пайдаланудың экономикалық міндеттері мен математикалық үлгілеу;
• аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті: бағалау мен болжау;
• Ландшафттық-экологиялық жобалау;
• ГАЖ-ды ашық бағдарламалық қамтамасыз ету.
Білім беру артықшылықтары:
• Дәстүрлер сабақтастығы бар байырғы ғылыми мектеп пен географияның дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан ҚР жетекші профессорлары;
• Бірегей авторлық курстар, білім берудегі жаңа әдістемелер мен техникалық құралдар;
• география, геоинформатика және т. б. салаларда қазіргі заман талабына сай жоғары білікті мамандарды дайындау орталығы;
• жаңа технологиялар мен бағдарламаларды қолдана отырып оқыту: GPS қабылдағыштары, ArcGIS 10.1 лицензиялық бағдарламасы, MapInfo, ENVY, Erdas Imagine және т. б.
Халықаралық байланыстары: магистранттар серіктес жоғары оқу орындарында (семестрлік оқу және жазғы мектептер) оқуға мүмкіндіктері бар:
Зальцбург университетінің геоинформатика департаменті (Аустрия), Лейбниц елтану институты (Германия), Лейпциг университетінің география институты (Германия), Глазго университеті (Ұлыбритания), Ноттингем университеті (Ұлыбритания), Батыс - Венгрия университеті (Венгрия), Амстердам еркін университеті (Нидерланды), ҚХР ҒА География ғылымдары мен табиғат ресурстарын зерттеу институты (ҚХР), М.В. Ломоносов атындағы ММУ, РХДУ, РҒА география институты (Ресей) және т.б.
Іс - тәжірибеден өту орны және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі:
ҚР БҒМ «География институты» ЖШС, РМҚК «Экономика институты», ҚР БҒМ Ғылыми комитеті, ЖШС «Казгипроград 1» жобалау институты, О.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ЖОО-лары мен колледждері.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген