Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D050600

Мамандығы:

Экономика

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: FIBAA 2020 жылға дейін

Бағдарлама: «6D050600 - Экономика»

Оқыту деңгейі: докторантура

Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша түсу емтиханы (жазбаша).

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: 3 жыл

Кәсіби қызмет түрлері: Экономика PhD докторы кәсіби іс-әрекетін мемлекеттік ұйымдарда, шетел капиталы қатысқан компанияларда, сондай-ақ білім беру мекемелері мен ғылыми орталықтарда жүргізе алады. Кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлері болып табылатындар:
• Кәсіби экономикалық қызметтің әртүрлі салаларында негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті категориялар мен әдістердің жүйесін меңгеру;
• Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың ең төменгі шығындары кезінде ең үлкен нәтижелерге жетуге бағытталған ұйымның экономикалық қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;
• Инновациялық әдістер мен құралдарды қолдана отырып оқушылардың оқу үдерісін ұйымдастыру.
Бұл бағдарламаны меңгерген PhD докторларында төмендегідей білімдері, амалдары және дағдылары болады:
Білуі тиіс:
- алынған жүйелі білімдерін жобалар жасауға және оның инновациялық құрамдастарын күшейтуге пайдалануды;
- жалпы методологиялық қағидалар мен экономикалық үдерістерді ғылыми зерттеу әдістерін;
Жасай алуы тиіс:
– жүйелі жолмен алынған және макроэкономиканың қазіргі жағдайын, оның нақты бағыттарын көрсететін ғылыми білімнің маңызды көлемділігінің бар екендігін көрсету;
– макроэкономиканың өзекті бағыттары бойынша жаңа білімдерді немесе практикалық қосымшаларды жасау үшін тұжырымдамалар беру, жобаларды жасау және жүргізе алу қабілеттерін көрсету және жобаларды сыртқы әлемнің сұраныстарына бейімдей алу;
– ғылыми зерттеулер мен ізденістерде қолданылатын әдістерді (математикалық, эконометрикалық және т.б.) бөлшектеп түсінуді көрсете алу;
– қолданбалы экономиканың арнайы салаларында, әсіресе толық мәліметтер жоқ кезінде, күрделі мәселелер бойынша білікті де білгір қорытындылар жасай алу, мамандар үшін де, маман еместер үшін де өз идеялары мен қорытындыларын түсінікті, жемісті түрде жеткізе алу;
– жаңа көзқарастар жасауға және экономиканың даму әдістеріне айтарлықтай үлес қоса отырып, жоғары деңгейде ары қарайғы теориялық және/немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер мен туындыларды жүзеге асыра алу.
Меңгеруі тиіс:
- заманауи экономикалық саясатты талдау кезінде әртүрлі қиындық деңгейіндегі стандартты емес міндеттерді шешу үшін экономикалық ғылымның тұжырымдамалық және методологиялық аппаратын пайдалана алу қабілеттілігін;
- ғылыми зерттеудің инструменталдық әдістерін адекватты таңдау қабілеттілігін.
Құзыреттілікті болу:
- экономиканың заманауи мәселелері мен ғылыми зерттеулерде.
Ие болуы:
– әртүрлі деңгейдегі экономикалық міндеттерді шешу үшін тұлғааралық өзара әрекеттесу стратегиясын таңдаудағы қабілеттілікке ие болу;
– терең жүйелі білімінің болуы және ғылыми зерттеулер саласын және кәсіби практика аясын, ғылыми пәндердің қазіргі жағдайын көрсететін мәселелерді, көзқарастарды және тенденцияларды сыни бағалай алу;
- әлеуметтік жауапкершілік қағидасын басшылыққа ала отырып, кәсіби қызметті құру қабілетіне ие болуы;
- әлеуметтік-экономикалық мәселелерді саяси, институционалдық, психологиялық факторлардың кең шеңберінің аясымен байланыстыра отырып талдай алу қабілетінің болуы.

Бейіндік пәндер: Экономикалық ғылымдар теориясы; Макроэкономика (advanced); Динамикалық тепе-теңдік модельдері; Статистикалық және эконометрикалық талдау; Қолданбалы статистикалық талдау; Экономикалық даму теориясы (advanced); Экономикалық өсу модельдері; Халықаралық экономика (advanced); Жаһандану жағдайында тәуекелдерді басқару.

Білімнің артықшылығы: Философия докторын (PhD) дайындаудың білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағыты бар және іргелі білім берушілік, методологиялық және зерттеушілік даярлықты, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу аясы үшін сәйкесінше ғылымдар бағытында пәндерді тереңдетіп оқып-үйренуді білдіреді.

Халықаралық байланыстар: Рим университеті “la sapienza” (Италия). Ғылыми іс-әрекеттер және кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт; Падуя университеті (Италия) Padua University. Ғылыми іс-әрекеттер және кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт; ХДРУ (РУДН) Кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт. (желілік университет), Новосибирск мемлекеттік университеті. Кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт. (желілік университет), Экология және Варшаваның басқару университеті (Польша) Ғылыми іс-әрекеттер және кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт

Практикадан өту және жұмысқа тұру мүмкіндігі болатын орындар:
• ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары;
• коммерциялық және бизнес-құрылымдар;
• сыртқы экономикалық қызметтер бөлімшелері;
• сараптамалық және кеңес берушілік компаниялар;
• мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің департаменттері.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген