Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D090500

Мамандығы:

Әлеуметтік жұмыс

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша PhD докторы
  • Бейіндік бағыт - Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша PhD докторы
  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация:жоқ
Бағдарлама: 6D090500 – ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
Оқу деңгейі: Докторантура
Экзамендер: ағылшын тілі, мамандық бойынша емтихан
Оқу түрі: іштей
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Әлеуметтік жұмыс» бойынша PhD докторы кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындалады:
• Жоғары және орта оқу орындарында оқытушы
• мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында,
• психологиялық кеңес беру орталығында,
• зейнетақы қоры филиалында,
• юстиция органында,
• қамқорлық пен қолдау органдарында,
• білім, денсаулық сфераларында,
• әлеуметтік қорғау комитетінде,
• халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы маман

Профильдік пәндер:
• Әлеуметтік әл-ауқат жүйесінің институционализациясы
• Білім беру және денсаулық сақтаудағы жобалау
• Әлеуметтік жұмыстағы зерттеулердің теориясы мен практикасы
• Академиялық хат: ғылыми мақала және диссертация жазу бойынша
• Әлеуметтік бағдарламалар және қызметтерді бағалау: өмір сапасы мен әл-ауқаттың қазіргі интерпретациясы
• Қазақстандағы бейкоммерциялық сектор: қалыптасуы, құрылымы және реттелуі
• Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі дағдарыстық копцепциялар
• Отбасылық кеңестің теориясы мен техникасы
Білім берудің артықшылығы:
• Әлеуметтік мәселелерге ғылым мен технологияның жаңа жетістіктері негізінде талдау жасау;
• Конструктивті, жасампаз іс-әрекеттің принциптерін түрлі субъектілермен әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру;
• Әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарымен жұмыста дәстүрлі және инновациялық технологияларды тиімді қолдану;
• Стандартты емес ситуацияларда ұйымдастыру - басқару шешімдерін табуға қабілетті болу;
• Практикада реабилитацияның әрқилы түрлерін қолдана білу

Халықаралық байланыстар: Кафедра біріккен зерттеулер жүргізу бойынша келесі университеттермен келісімге қол қойды:
- Алтай мемлекеттік университеті (Әлеуметтік жұмыс каыедрасы)
- Саратов мемлекеттік техникалық университеті әлеуметтану және антропология кафедрасы)
- Новосібір педагогикалық университеті
- Урал федеративтік университеті
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
- Орталық-Еуропа университеті (Венгрия)
- Вашингтон университеті (США)
- Колумбия университеті (США)
- Мичиган штаты университеті (США)
- Сеул ұлттық университеті (Корея)
- Ханьян мемлекеттік университеті (Корея)

Практиканың өткізілу орны және жұмысқа орналасу мүмкіншілігі:
Педагогикалық практика теориялық оқу кезеңінде үшінші семестрде үзіліссіз оқу процесіде жүргізіледі.
Докторанттардың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, дағдыларды жинақтау, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеудегі эксперименталдық берілгендерді өңдеу және интерпретациялау мақсатында жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу практикасының мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.
Докторанттар шетелдік ғылыми жетекшінің басшылығымен міндетті түрде шетелдік ғылыми стажировканы 4 айдан аз емес уақытта өтуі тиіс.
Бітірушілер мемлекеттік басқару (муниципалитетер және қалалық бөлімдер), білім беру, денсаулық сақтаудан жұмыс таба алады.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген