Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D011100

Мамандығы:

Информатика

Факультеті:

Ақпараттық технологиялар

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - Информатика мамандығы бойынша PhD докторы
  • Бейіндік бағыт - Информатика мамандығы бойынша PhD докторы
  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: жоқ
Бағдарлама: 6D011100 – Информатика
Оқыту деңгейі: PhD докторантура
Емтихандар: Ағылшын тілі(тест), мамандық бойынша түсу емтиханы (жазбаша)
Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 3 жыл

«6D011100 – Информатика» PhD докторы бағыты, келесі түрдегі кәсіби қызметтерді атқаруға дайындайды:

• ғылыми зерттеу институттарда, ғылыми зерттеу орталықтарда, жобалық және ғылыми-зерттеу ұйымдарда, аға ғылыми қызметкер, зерттеу тобының жетекшісі, инженер-программист, ақпаратты қорғау инженері ретінде ғылыми-зерттеу және эсперименталды зерттеу қызметтерін атқаруға;
• жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелері мекемелерінде және ғылыми зерттеу секторларында оқытушы, аға ғылыми қызметкер ретінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқаруға дайындайды.
• мемлекеттік басқару органдарында, қызмет көрсету, әкімшіліктік басқару, бизнес құрылымдары салаларында, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету адмиистраторы рендінде, жобаларды басқару департаменті жетекшісі, ақпаратты қорғау инженері аналитик-сарапшы ретінде ұйымдастыру-басқару қызметін атқаруға;
• өнеркәсіптік кәсіпорындарда, жобалармен айналысатын ұйымдарда, сонымен қатар компьютерлік технологиялар мен информатика салаларындағы жаңа ғылыми жетістіктерді енгізу және зерттеу мен айналысатын ұйымдарда ғылыми зерттеу, әзірлеу бөлімінің жетекшісі, программалық қамтама мен қосымшаны әзірлеуші және аналитик, инженер программист ретінде жобалау-конструктивті қызмет атқаруға дайындайды.

Профильді пәндер:
1. Білім берудегі заманауи желілік технологиялар
2. Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді визуалды жобалау
3. Бұлттық технологияларды құру және енгізу
4. Білім берудегі робототехника теориясы мен технологиялары
5. Ғылым және білім беру саласындағы деректер базасын және ақпараттық жүйелерді әзірлеу
6. Бағдарламалаудан электронды оқу құралдарын жобалау мен жүзеге асыру
7. Қашықтықтан оқыту теориясы мен практикасы
8. Виртуалды оқыту ортасын басқару


Білім берудің артықшылықтары:
• ағылшын тілінде оқу;
• үздік шетелдік жоғары оқу орындарының бірінде 4 айлық ғылыми тағлымдамадан өту; бұлттық технологияларды құру және енгізу, деректер қорын жасау және ғылым, білім берудегі ақпараттық жүйелерді жобалау сияқты дәстүрлі салалар білімдерін терең меңгеру арқылы зерттеу фокусы;
• міндетті оқу курстарының саны салыстырмалы түрде аз болғындықтан зерттеу программасының таңдау бағытының электронды оқу басылымдарын жобалау мен жүзеге асыру; қашықтықтан оқыту теориясы мен практикасы; виртуалды оқыту ортасын басқару саласында ғылыми-зерттеу, эксперимантальды-зерттеу қызыметі түрінде жүргізілуі;
• информатика саласындағы және оның дамушы қоғамның қажеттіліктеріне байланысты, жақын арадағы және алдағы болашақтық міндеттерін анықтайтын негізгі мәселелерді тереңінен зерттеу.

Халықаралық байланыс: докторант академиялық шетелдік серіктес ЖОО-ында ғылыми тағлымдамадан өту мүмкіндігіне ие: БГПУ (Уфа, Ресей), ИТМО (Сангкт-Петербург, Ресей), НГТУ (Новосибирск, Ресей), Питтсбург университеті (Питтсбург, АҚШ), Стамбул университеті (Стамбул, Түркия), Токио университеті Денки (Токио, Жапония), Калифорния университеті (Беркли, США), Таллинн техникалық университеті (Таллин, Эстония), Тегеран университеті (Тегеран, Иран), Халифа университеті (Абу Даби, БАӘ), Сеул ұлыттық университеті (Сеул, Корея Республикасы), Корея ғылым және технология институты (Сеул, Корея Республиксы), НАСА ғылыми зерттеу орталығы Ленгли (Хэмптон, АҚШ), Луизиана штаты университеті (Луизиана, АҚШ), Карлсруэ технологиялық институты (Баден-Вюртемберг, Германия), Штутгарт университеті (Штутгарт, Германия), Аэродинамика институты (Ахен, Германия), Манчестер университеті (Манчестер, Великобритания), Вена университеті (Вена, Австрия), Вена техникалық университет (Вена, Австрия). Кингс колледжі (Лондон, Ұлыбритания), Ньюкасл университеті (Ньюкасл Ұлыбритания), Люблин технологиялық университеті (Люблин, Польша).
Жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен практикадан өту орындары: Жоғары, орта, арнайы орта оқу орындары, математика және механика ҒЗИ, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің математика институты, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің информатика және механика, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің информатика және басқару мәселелері институты, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің математика институты, ҚР ұлттық инженерлік академия, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ, Ұлттық ақпараттандыру орталығы, «Ғарыштық техника және технологиялар институты», «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.
Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми және педагогикалық бағыт


Оқу жылдардың саны:
3
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген