Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D070200

Мамандығы:

Автоматтандыру және басқару

Факультеті:

Ақпараттық технологиялар

Бiлiктiлiгі:
  • Бiрiншi жоғары бiлiм - 1
  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы

Халықаралық аккредитация: жоқ
Бағдарлама: 6D070200 - Автоматтандыру және басқару
Оқу деңгейі: Докторантура
Емтихандар: Шетел тілі (тест), мамандығы бойынша (жазбаша) түсу емтиханы
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша докторант келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
Докторантура түлектері өнеркәсіптің әртүрлі салаларында автоматтандыру және басқару жүйелерін зерттеу және құру бағытында қызмет атқара алады. Кәсіби қызмет мекемесі ретінде, басым жағдайда, зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындары таңдалады.
Бейінді пәндер:
• Жүйелік талдау әдістері, құралдары және теориясы
• Автоматтандыру объектілерін модельдеу технологиялары
• Басқарудың экстремалды есептері
• Динамикалық жүйелерді тиімді басқару
• Жүйелерді автоматтандырылған түрде жобалаудың заманауи әдістері
• Нақтыланбаған басқару есептерін жобалау
• Технологиялық процестерді басқару жүйелерінің мобильді қосымшалары
• Деректер құрылымын және құру алгоритмдерін тиімділеу
• Микроконтроллер бойынша автоматтандырылған басқару жүйелері

Білім беру артықшылықтары:
• Білім алу саласын жүйелі түрде түсінуді және мамандану аймағымен байланысты зерттеу әдістері мен дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру;
• сарапшылармен, академиялық қауымдстықпен және жалпы қауыммен автоматтандыру және басқару саласында қарым-қатынас құру қабілетін; қоғамның негізін құрайтын технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени білімді академиялық және кәсіби мазмұн аясында тарату қабілетін қалыптастыру;
• білімнің шекарасын кеңейтетін, бұрын алынған зерттеу нәтижелерін айтарлықтай дамытатын, ұлттық немесе халықаралық деңгейде сын-пікірлі жариялануға лайық болатын жаңашыл зерттеулер арқылы ғылымға үлес қосу қабілетін; жаңа әрі күрделі идеяларды сындарлы талдау, бағалау және синтездеу қабілеттерін қалыптастыру;
• автоматтандыру және басқару саласындағы соңғы жаңалықтар, пәндік аймақтағы ғылыми зерттеулер методологиялары, кәсіби маңызды ақпаратты іздеу, өңдеу және бейнелеу әдістері, білім беру қызметінің түрлері мен әдістері туралы білім беру;
• қалыптастырылған ғылыми есептерді шешу мақсатында эвристикалық әдістерді пайдалану, инновациялық жобаларды орындау мақсатында программалық жабдықтаманы құру және пайдалану, зерттеу нәтижелерін практикалық қолданысқа жеткізу, білім беру шараларын өткізу біліктілігін қалыптастыру.


Халықаралық қатынастар:
1. Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті (Ресей) – ШЫҰ-ның қос диплом бағдарламасы.
2. Аликанте университеті (Испания)
3. Люблин технологиялық университеті
4. Пьер Мендеc-Франс атындағы университет, Гренобль ІІ (Франция)
5. Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті
6. Қолданбалы ғылымдар университеті, Берлин (Германия)
7. Савония қолданбалы ғылымдар университеті, Куопио, Финляндия
8. Каунасс технологиялық университеті (Литва)
9. Техникалық университет – София (Болгария)
10. Порто университеті (Португалия) және т.б.

Практика өту және жұмыспен қамтудың мүмкін ұйымдары: Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқарумен байланысты қызмет атқаратын мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар, ғылыми институттар, жоғарғы оқу орындары
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген