Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D061000

Мамандығы:

Гидрология

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ASIIN v.e.
Бағдарлама: «6D0061000 – Гидрология».
Оқу деңгейі: Докторантура.
Емтихандар: Шет тілі (тест), Мамандығы бойынша түсу емтиханы (жазбаша).
Оқыту түрі: Күндізгі.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Докторант дайындау бағыты бойынша «Гидрология» кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындайды:
• гидрология, су ресурстары, гидроэкология саласындағы кәсіби қызметке;
• РМК «Қазгидромет», жоғару оқу орындарында, гидрометеорологиялық кәсіби бағыттағы оқу орталықтарында, мемлекеттік жобалық және ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен қатар мекемелерде және ұйымдарда, гидрологиялық және экологиялық қызметтермен айналысатын жергілікті атқарушы органдарда жұмыс және кәсіби қызмет атқаруға.

Бейінді пәндер:
• Су ресурстары
• Гидрохимия
• Гидроэкология
• Су қауіпсіздігі
• Пайда болу жағдайы және максималды ағындының сипаттамасын бағалау
• Су тасқынының және басқада қауіпті гидрологиялық құбылыстардың қаупін бағалау
• Өзендердің қатты ағындысы
• Өзекті гидроэкологиялық мәселелер
• Өзен ағындысына шаруашылық әрекетінің әсерін бағалау

Білім беру артықшылықтары:
• Барлық дәрежедегі гидролог-маммандарды дайындау (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура). Маманданған оқытушылық-профессорлық құрамның болуы. Мамандарды дайындау дәстүрі (дайындау 45-дан жылдан аса жүргізіледі) және оқу-әдістемелік пен материалдық базаның болуы. Дайыдық 3 тілде жүргізіледі (қазақ, орыс және ағылшын).

Халықаралық байланыстары:
Ресейлік Гидрометеорологиялық Университет (Санкт-Петербург қ-сы, Ресей). Аберистуит Университетімен (Уэльс, Аберистуит қ-сы, (Ұлыбритания) және Марбург Университетімен (Германия), Францияның Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы және Париж-1 Университетімен, Иорданияның ғылым және технология Университетімен байланыста.


Іс - тәжірибеден өту орны және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі:
РМҚ «Казгидромет», ҚР БжҒМ география институты, МБ «Қазселезащита», Еншілес Мемлекеттік Мекеме (ЕММ) Экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ)
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген