Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D012300

Мамандығы:

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Факультеті:

Философия және саясаттану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ACQUIN, Германия
Бағдарлама: 6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша оқуға түсу емтиханы (жазбаша)
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Бағыт бойынша PhD доктор кәсіби әрекеттің келесідей түрлеріне даярланады:
 Білім беру саласындағы менеджер,
 Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагог,
 Әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану пәні оқытушысы,
 Білім берудің түрлі ұйымдарындағы ғылыми қызметкер,
 Әлеуметтік білім беру саласындағы эксперт.
Профильді пәндер:
• Бағалау мен зерттеудегі аралас әдістер
• Педагогикалық өлшеудегі тест
• Әлеуметтік педагогикалық экспертиза
• Басқару этикасы
• Сапалық және сандық анализ теориясы мен практикасы
• Өзін-өзі танудың білімдік және психологиялық өлшемі
• Жастардың әлеуметтенуі және қазіргі субмәдениет
• Сандық сауаттылық теориясы және зерттеу
• Бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын жобалау
• Қоғамды транформациялау контекстінде дамудағы оқушылардың білім беру қажеттіліктері
• Оқушылардың функционалды сауаттылығын бағалау мен дамыту
• Сыни ойлауды дамыту және оқыту стратегиясы
Білім берудің артықшылығы:
• Байырғы ғылыми мектептердің дәстүрлерінің сабақтастығы және жаhандану деңгейінде қазіргі ғылыми-педагогикалық зерттеуге сәйкес келуі;
• Қазақстандық жетекші ғалым-педагогтардың бірегей авторлық курстары;
• «Әлеуметтік-педагогикалық өлшемдер», «Әлеуметтік-педагогикалық білім беру: құзіреттілік тұғыр» атты жеке траектория бойынша білім алу мүмкіндігі;
• Оқытудың озық зерттеу технологиялары, оқытудың әр түрлі әдістері мен формалары;
• Университеттің ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде әзірленген, тереңдетілген элективті курстар;
• «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес.
Халықаралық байланыстар: докторанттардың University of Leicester (Ұлыбритания), Корея, Канада, Түркия секілді мемлекеттердің жетекші ЖОО-да 3 айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.
Тәжірибеден өту орны және жұмысқа орналасуы мүмкін мекемелер: БбЖРБКИ «Өрлеу» орталығы, білім беруді басқару департаменттері, Қазақстанның Педагогика Ғылымдар Академиясы, Білім беру орталықтары, Этнопедагогикалық музей.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген