Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D021500

Мамандығы:

Исламтану

Факультеті:

Философия және саясаттану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ACQUIN, 2017 (Austria, Vienna)
Бағдарлама: 6D021500– Исламтану
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест) және мамандық бойынша емтихан (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
6D021500– Исламтану мамандығы бойынша докторлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
• эксперименталды-зерттеушілік;
• педагогикалық;
• сараптық-кеңес беру;
• ұйымдастыру-басқару.
• жобалық-аналитикалық.
Бейіндік пәндер:
• Қазіргі әлемдік діндер;
• Ислами діни ілімнің негізгі қайнар көздері;
• Сунниттік діни ілім және мұсылмандық теологиялық-философиялық ой эволюциясы;
• Ханафилік мазхаб исламның діни дәстүріндегі сұхбат жолы ретінде.

Білім беру артықшылықтары:
• Дінді зерттеуге қажетті әдістер мен зерттеудің пәнаралық стратегияларының артықшылықтарын пайдалана алатын, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізе алатын және исламтану саласында өзіндік ғылыми ой-пікірі қалыптасқан жоғары білікті мамандарды даярлау;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы дінді зерттейтін бірегей оқытушылық ұжымы бар ірі орталықтардың бірі;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жасап шығарған білім беру бағдарламалары мен компетентілікке-бағдарланған оқу жоспарлары;
• Академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу және академиялық карьерасын әлемнің озық унивеситеттерінде жалғастыру мүмкіндігі;
• Түлектер өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелік білімдерін оқу және зерттеу мақсатында қолданады, сонымен қатар заманауи компьютер технологияларын пайдалана отырып қоғамдық өмірдің басқа салаларында қолдана біледі;
• Күрделі немесе бейтаныс жағдайларда жаңа идеяларды ойлап таба білу мүмкіндігі; ғылыми-зерттеу ортада қайталанбас, ерекше болу, тәуелсіз, еркін болу және сыни ойлай білу, сонымен бірге зерттеудің мәнін түсіне білу тиіс;
• Үздіксіз білім беру жүйесінде дағдылар мен қабілеттерді арттыру, жаңа білімдерге қол жеткізу, кәсіби білімді (исламды) жаңарту, кәсіби және жеке тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болу;
• Зерттеулерді басқару дағдысын қалыптастыру: ғылыми-зерттеу мақсаттарын жүзеге асыру барысында жобаларды тиімді басқару; қызметтің ағымдағы мен басым бағыттарын үйлестіре білу; ақпаратты жүйелеу, салыстыру; қажетті ақпарат көздерін анықтау және бағалау; ақпаратты технологияларды сауатты пайдалану;
• Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мен жоғарғы білікті ғылыми кадрларды дайындаумен айналысатын бағдарламаларды әлеуметтк үдерістерді модельдеу мен талдау бойынша дінтанулық сараптама ғылыми орталығын қолдау;
• 300 мыңнан астам кітаптары, оның ішінде 100 мыңы сирек кездесетін қолжазбалар қоры бар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасына және Шпрингер халықаралық кітапханасының қорына қол жетімділік.
Халықаралық байланыстар: докторанттар төмендегі тізімде көрсетілген серіктес жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар:
• Мармара (Туркия)
• Кастамону (Туркия)
• Мимар Синан Еуразиялық мәдениет және өнер (Туркия) ,
• Манчестер Университеті (Англия)
• Оклахома штаты Университеті (АҚШ)
• Христиандық пен исламды зерттеу орталығы (АҚШ)
• Славяндық Еуропалық университеті
• Исламдық мәдениет орталығы (Қытай)
• Гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдар институты (Корея)
• Уппсала Университеті (Швеция)
• Цюрих Университеті, Швейцария,
• Комплутенсе Мадрид университеті, Испания
Тәжірибеден өту орындары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі: Алматы қаласының жастар саясаты бойынша Басқармасы, Алматы қаласының дін істері бойынша Департаменті, ҚР БҒМ ҒК, Философия, саясаттану және дінтану институты: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстанның орта және жоғарғы білім беру мекемелері, Әкімшілік ("акимат"), Қарулы құрылымдар (ҰҚК, ІІМ) БАҚ, ғылыми-зерттеу, мұражай орталықтары, діни ұйымдар (ҚМДБ, мешіттер және т.б.). ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында дін істері бойынша маман, мемлекеттік-құқықтық сұрақтар, дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша консультант, мемлекеттік, конфессионалдыы және қоғамдық ұйымдар, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген