Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D074600

Мамандығы:

Ғарыштық техника және технологиялар

Факультеті:

Механика-математика

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Оқытудың нәтижесі және мақсаты
Халықаралық аккредитация: Докторантураның білім беру бағдарламасының Халықаралық аккредитация ASIIN (Германия) агенттігі.

Программа: «6D074600 - Ғарыштық техника және технологиялар»
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша (жазбаша) оқуға түсу емтиханы.
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту мерзімі: 3 жыл
Докторант «Ғарыштық техника және технологиялар» дайындау бағыты бойынша келесі кәсіби қызметке дайындайды:
• Ғылыми-өндірістік және өндірістік мекемелерде ғылыми-зерттеу және инженерлік қызметі;
• Жоғары оқу орындарында сабақ беру қызметі;
• Ғылыми-өндірістік және өндірістік мекемелерде, сонымен қатар білім және ғылым саласында басқару қызметі;
• Ғарыштық техника және технологиялар саласында арнайы қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыстарды атқару;
Профильді пәндер:
• Ғарыштық аппараттарды жобалау және миссиясын әдістеу
• Компьютерлік ғарыштық технологиялар
• Ғарыш аппаратын басқарудың жердегі автоматтандырылған кешенін құру және тасымалдау
• Ғарыштық апараттардың энергия беру жүйелері және т.б.

Білім алу артықшылығы:
• ғарыштық техника және технологиялар саласындағы ең замануи және арнайы ғылыми әдістерді меңгеру;
• ғылыми-зерттеу тәжірибесіне дағдылану, ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлауды, жасауды, жүзеге асыруды және үйлестіруді білу;
• ғарыштық техника және технологиялар саласындағы өзекті мәселелердің біріне сәйкес келетін тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу, теориялық немесе практикалық сипаттағы маңызды есептерді шешу;
• отандық ғылыми жетекшілерінің ғылыми жобаларындағы зерттеу жұмысы;
• шетелдік ғылыми жетекшінің басшылығымен әлемдегі жетекші зертханаларда төрт айлық тәжірибеден өту;
• жоғарғы оқу орындарында оқыту тәжірибесіне дағдылану.

Халықаралық байланыстар: кафедра әлемдегі рейтингісі жоғары университеттердің білікті профессорларымен және Франция, Германия, АҚШ, Жапония, Сингапур, Египет, Ресей және т.б. елдердің ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста.
Практика өтетін және жұмысқа орналасатын орындар: мемлекеттің ЖОО-ы, ҚР ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтары, ҚР ғылым Академиясының институттары, ҚР Инженерлік академиясы.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген