Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D060800

Мамандығы:

Экология(гео)

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: ASIIN.
Бағдарлама атауы: 6D060800 – «Экология».
Оқу деңгейі: докторантура (ғылыми-педагогикалық дайындық бағыты).
Емтихандары: шет тілі (тест), мамандық бойынша оқуға түсу емтиханы (жазбаша).
Оқу түрі: күндізгі.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу және педагогикалық.
Ғылыми-зерттеу қызметін құрайтындар: ғылыми зерттеулердің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын жасау; эксперименттердің әдістемесін құрастырып, жүргізілуін ұйымдастыру; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және жүйелеу; орындалған зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, басылымдарды дайындау. Атаулы мамандық түлегі интеллектуалды меншік нысандарын бекітіп, қорғауды жүргізуге, патенттік зерттеулерді жүргізуге, қабылданған техникалық шешімдерді негіздей отырып жобаланған нысандардың жұмыс істеу ұстанымдары мен құрылысына сипаттама беруге, жобаның инновациялық әлеуетін, инновациялық тәуекелдерді бағалауға қабілеттік.
Түлек орта кәсіби және жоғарғы оқу орындарында педагогикалық қызмет атқарып, мамандық бейініне қарай оқу-әдістемелік зерттемелер жасайды, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүргізеді.
Кәсіби пәндер:
Адам және қоршаған орта;
Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиясы,
Қалдықтарды басқарудың қазiргi жолдары.
Преимущества образования:
• заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелердің шешімін қалыптастыра алатын және тәжірибелі түрде шеше алатын, табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулермен қатар басқаруды қоса алып жүретін экологтарды дайындау;
• академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания, Испания, Ресей, Қытайдың серіктес ЖОО-да тәлімдемеден өту;
• Ұлыбритания, Испания, Ресей және т.б. университеттерде зерттеулер жүргізу.
Халықаралық байланыстар: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Испания университеттерімен.
Тәжірибеден өту және ықтимал жұмысқа орналасу орындары: Ғылыми-зерттеу (эколог-зерттеуші); жобалық (эколог-эксперт, эколог-аудитор); ұйымдастырушылық-технологиялық (өндірістік салалар бойынша эколог); өндірістік-басқарушылық (қоршаған ортаны қорғау және экология саласының менеджер).
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген