Докторантура PhD

Мамандық шифры:

6D051000

Мамандығы:

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

  • Сипаттамасы
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Халықаралық аккредитация: бар.
Бағдарлама 6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Оқыту деңгейі: докторантура PhD.
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша).
Оқыту нысаны: күндізгі.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша PhD доктор келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады:
- мемлекеттік басқару және қорғаныс;
-орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдарының атқарушы және заң шығарушы қызметі;
- фискалдық қызметті басқару және бақылау;
- бюджеттің орындалуы және мемлекеттік қорлар мен мемлекеттік қарызды басқару;
- ауылдық және поселкелік басқару органдарының қызметі;
- кеден қызметі;
- статистика және әлеуметтану саласындағы қызмет;
-медициналық қызмет көрсету, білім беру, мәдени қызмет көрсету және әлеуметтік қамтамасыз етуді қоспағанда, өзге де әлеуметтік қызметтер;
- жалпы қоғамға мемлекеттік қызмет көрсету;
- ұлттық компаниялардағы қызмет;
- ұлттық кәсіпорындардағы қызмет;
- ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі қызмет;
- жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызмет.
Профильді пәндер:
- инновациялық қызметті мемлекеттік басқару;
- мемлекеттік басқару тиімділігін методологиялық тұрғыдан бағалау;
- адами капиталды мемлекеттік басқару;
- басқарушылық экономика.
Білім алу артықшылықтары:
- ғылыми басқару мектептерінің сабақтастығы (Ф.Тейлордың , А.Файолдың, Э.Мэйоның және т.б.).
- Қазақстан Республикасының танымал ғалымдарының бірегей авторлық курстары;
- шет елдік ғалымдардың авторлық курстары;
-мемлекеттік биліктің орталық және аймақтық органдарында жұмыс істеу мүмкіндігі;
- жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызмет.
Халықаралық байланыстар: мамандық докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесші жетекшілігімен шет елде төрт айлық дайындықтан өтуге мүмкіндіктері бар.
Практикадан өту орны және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері: ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарда, жоғары оқу орындарында.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген