Ұлы Жібек жолының картографиясы

12.12.2018

Көрулер: 375

ҚазҰУ-да Ұлы Жібек жолына арналған «Ұлы Жібек жолының картографиясы: аналогтық картадан электронды картаға дейін» атты халықаралық конференция өтті.

Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ұлы Жібек жолын зерттеу жөніндегі халықаралық қауымдастық (IASS) бірлесе ұйымдастырды. Жиын аясында Жібек жолы университеттер желісінің төрағасы профессор С.Хван, Жібек жолын зерттеу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың төрағасы (IASS) профессор Герман Кимдер сөз сөйлеп, қазіргі таңдағы Ұлы Жібек жолын зерттеудің дамуы туралы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар сандық атластық картографиялау тәжірибесі мен арақашықтықтан зондтау технологиялары, әлемдік кеңістіктегі түрік халықтарының таралымының кеңейуі, Ұлы Жібек жолының Қазақстан бөлігінде және оның бойындағы қалалардың кеңістіктегі мәліметтер базасын құрастыру туралы мәселелерді қарастырылды.

Корея ұлттық мұражайының директоры Санг-хон Чанг Ұлы Жібек жолының картасын ұсынып, Ресей, Өзбекстан,Тәжікстан және басқа да елдерден келген ғалымдар Жібек жолының географиялық белдеулерін көрсетті және ғылыми зерттеулерде инновациялық көзқарастарды кеңейтуде ынтымақтаса шешудің әртүрлі жолдарын талқылады. Шараға жиналғандар келесі конференцияны Азия мемлекеттерінің бірінде өткізуді ұсына отырып, әлемдегі университеттің Ұлы Жібек жолы мәселесімен айналысатын ғалымдарының басын қосып Еуро-Азия кеңістігінің электронды картасын құрастыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

www.kaznu.kz