Президент Жолдауына арналған пікір

12.01.2018

Көрулер: 284

Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауды өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Елбасы жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. 2018 жылдың 10 қаңтарында Президент Жолдауының негізгі мәні Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға мемлекетіміздің дамуына арналып отыр. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың ойынан шығып, қазір мемлекетіміздің барлық аумақтарында басқару, оқу-өндірістік салаларында, мемлекеттік емес ұйымдарда кеңінен талқыланып, кең қолдау тауып отыр.

Қазақстан индустриялы жаңа технологияларды енгізудің көшбасына шығуы өте дұрыс. Бізге бұл салада барлық мүмкіндіктер бар. Агроөнеркәсіп кешенін дүниежүзілік деңгейге арттыру, ел  байлығы астықтың өнімділігін арттыру мәселесі өте орынды айтылған. Транспорт, логикалық инфрақұрылымдарды дамыту ел байлығының қайнар көзі болмақ, құрылыс пен тұрғын үйді дамыту, қаржы секторын қайта құрап озық үлгімен алмастыру, адам капиталының жаңа сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділеттілігін жетілдіру, Заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру, жемқорлық тағы басқа зиянды құбылыстармен аяусыз күрес жүргізу, жаңа технологияларды енгізу арқылы қала құрылысының проблемаларын оңтайлы шешу мәселелеріне айрықша мән берілген. Бұл айтылған, ұсынылған Президент жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті дүние.

 

Арықбай Ағыбаев

заң ғылымдарының докторы, профессор,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы силықтың лауреаты

Алматы облысының және Жамбыл ауданының құрметті азаматы