ҚХР Бас консулдығы өкілдері ҚазҰУ-да

11.11.2017

Көрулер: 466

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.

 Аталған іс-шараның мақсаты ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттермен және оқытушы-профессор құрамымен тәжірибе алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жетекші профессорларды шақыру сынды түрлі саладағы ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге бағытталды.

Қазіргі уақытта ҚазҰУ-да білім алып жатқан шетелдік студенттердің 80% ҚХР келген. Жыл сайын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ҚХР келген 100 тыңдаушы ҚР жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін тілдік дайындықтан өтеді. Осы бағытта факультеттегі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасы – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы кафедралардың бірі ретіндегі атқарған қызметі орасан зор.

Кездесу барысында Қазақстандағы қытай студенттерінің әлеуметтік бейімделу мәселелері, сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту және ұлтаралық, дінаралық диалогты тереңдету тақырыптары талқыға түсті. Сонымен қатар тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ғылыми, мәдени байланыстар орнату туралы ұсыныстар жасалынды. Аталған мазмұнды шараға Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдерімен қатар, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының оқытушылары, Алматы қаласының ЖОО-нан шақырылған қонақтар мен студенттер қатысып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.   

 

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

филология ғылымдарының докторы А.Е. Саденова