10 үздік ЖОО қатарында

17.10.2017

Көрулер: 1180

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да растап QS рейтингісінде Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің (EECA - Emerging Europe & Central Asia)  10 үздік ЖОО қатарына енді.

ҚазҰУ-дың QS рейтингісінде табысты түрде алға жоғарылауына кешенді құрылымдық модернизация және енгізілген жүйелі өзгерістер ықпал етті. Атап айтқанда нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі, процестерді басқару және жетістіктерді рейтингпен бағалау енгізіліп, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыру белсенді дамуда және инфрақұрылым жетілдірілуде.   

10 жетекші ЖОО тізімін Ломоносов атындағы ММУ бастап, екінші орынды да Ресейдің Новосібір мемлекеттік университеті еншіледі. Эстондық  Тарту университеті, чехтің Карлов университеті және ресейлік Санкт-Петербург мемлекеттік университеті сәйкесінше үшінші, төртінші және бесінші орындарды иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азиядағы 10 үздік ЖОО енген бірден-бір университет. Осылайша университе өзінің көшбасшылық орнын тағы бір дәлелдеді. ҚазҰУ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік 200-үздік университет және ең дамыған 30 мемелекет қатарына кіру мақсаттарын жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді.  

 

Баспасөз қызметі