Жаңалықтар

«Ұлы Даланың жеті қыры»

28.12.2018

Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған Қазақстанның әлеуметтанушылар қауымдастығы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Шараны ұйымдастырушылар қатарында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университі. Оған қазақстандық жетекші сарапшылар – әлеуметтанушылар, тарихшылар, саясаттанушылар, археологтар, этнологтар, мәдениеттанушылар және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Түркі әлемінің үздік университеті

28.12.2018

Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысы бойынша Түркі халықтарының дүниежүзілік конгресі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Түркі әлемінің үздік университеті» атағымен марапаттап, ректор академик Ғалым Мұтановқа халықаралық ұйымның атаулы алтын медалін табыстады.

Ары қарай оқу >>

Бакуде «Алаш арыстары» кітабы мен Гусейн Джавидидің өлеңдерінің тұсаукесері өтті

26.12.2018

 «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы түркі халықтарының рухани жаңғыру қажеттілігін алға тартты. Ол түркі халықтарының жарқын есімдерінің мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа қалдыру үшін Түркі кеңесіне «Түркі әлемінің 100 айтулы тұлғасы» жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ әлемдегі экологиялық үздік 200 ЖОО қатарына енді

25.12.2018

Ғаламдық «UI Green Metric Ranking of World Universities» рейтингінің зерттеу мәліметтері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 200 экологиялық университеттері қатарында өз позициясын нығайтты. Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық жоғары оқу орны аталмыш беделді рейтингте 78 елдің 700 жоғары оқу орны арасында 14 пункт бойынша 172 орынға көтерілді.

Ары қарай оқу >>

"Өнегелі өмір"

21.12.2018

Алматы қаласында Конституциялық Кеңес Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылғы ҚазМУ заң факультетінің түлегі Қайрат Мәмидің өмірі мен қызметіне арналған "Өнегелі өмір" сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

Нельсон Мандела мұрасы

20.12.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Оңтүстік Африканың Қазақстан, Түрікменстан, Қырғыстан, және Тәжікстандағы елшісі Кийтуметци Сейпело Сандека Мэттьюспен іскерлік кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Серіктес университеттің қабырғасында

20.12.2018

Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Наталья Ем Қазақстан корейлер Қауымдастығы Президиумының мүшесі ретінде «Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect» форумына   қатысып, Хангук шет тілдер университетінде Орталық Азия зерттеулері Институтының студенттері үшін дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>