Ғылым және инновациялар

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, департамент университетте өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды үйлестіреді, сонымен қатар жоғары білікті кадр мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Департамент университеттің барлық ғылыми-зерттеу құрылымдарын, факультеттерін, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО) Технопарк және т.б. біріктіретін бірегей ғылыми құрылым болып табылады.

Департамент өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын және нормативтік актілерін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жарғысын басшылыққа алады.

Департамент университеттің Даму стратегиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің және Ғылыми-техникалық кеңесінің шешімдері негізінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметін анықтайды.

Департамент қызметінің басты мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалануға, ғылыми-зерттеу жұмысының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін және білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал ету, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім біру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.


Мұхамбетжанов Серік Көпжасарұлы 

Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры