Алма Қыраубаеваның 70 жылдығы

22.11.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті 2017 жылдың 24 қарашасында өтетін филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның 70 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеттану ғылым және ұлттық педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Иммерсивті журналистика»

20.11.2017

2017 жылы 22 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орта Азиядағы және Қазақстандағы ең алғашқы «Иммерсивті журналистика» мультимедиялы зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Иммерсивті журналистика – жаңалықтарды, хабарламаларды  және репортаждарды виртуалды шындық жүйесінде таратудың жаңа цифрлық платформасы, аудитория әсерін зерттеуді талап ететін Қазақстан ақпарат құралдарының жаңа түрі.

Ары қарай оқу >>

«Шығыстану және шығыс тілдерін лқыту оқыту әдістерінің өзекті мәселелері»

20.11.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы 2017 жылдың 29 қарашасында, сағат 10:00-де, Арабтану бөлімінің 40-жылдығы мен ф.ғ.к., доцент Б.А. Атабайдың 60-жылдық мерейтойына арналған «Шығыстану және шығыс тілдерін ооқыту әдістерінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-методикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Зерттеу жүргізу: туризм саласындағы зерттеу әдістері мен методологиясы»

18.11.2017

2017 жылдың 21 қарашасында, сағат 9:00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында, Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы, Нью-Йорк Университетінің профессоры, доктор Линн Миннаертпен бірлесіп, рекреациялық география және туризм кафедрасының қолдауымен, «Зерттеу жүргізу: туризм саласындағы зерттеу әдістері мен методологиясы» атты семинар өткізеді. Семинар қорытындысы бойынша, қатысушыларға Нью-Йорк университеті және Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығының атынан сертификаттар беріледі.

Өтетін мекенжайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасы

 

Ары қарай оқу >>

Әзілхан Нұршайықовтың 95 ЖЫЛДЫҚ мерейтойы

10.11.2017

2017 жылы 16 қарашада сағат 14: 00-де  ҚР Ұлттық кітапханасының Кіші залында  әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО дейінгі білім беру факультеті  шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстанның Халық жазушысы  Әзілхан Нұршайықовтың 95 ЖЫЛДЫҚ мерейтойына арналған әдеби-шығармашылық кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

« Т.Әбдіковтің парасат әлемі»

10.11.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті Сіздерді 2017 жылы 14 қарашада өтетін «Т. Әбдіковтің парасат әлемі» атты әдеби-шығармашылық кешке шақырады.

Ары қарай оқу >>

«САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ФОРУМЫ

10.11.2017

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Алматы қаласында, Қазақ ұлттық университетінде (әл-Фараби даңғылы, 71/27, 4 қабат, кітапхана) «Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық Медиа форумының жалпы отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»

08.11.2017

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында «Әлем Елбасы көзімен» атты кітап көрмесінің тұсаукесері және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы залының ашылуы болады.

 

Ары қарай оқу >>

Pages